"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2–31 тамыз аралығында №225/226 "Нұрлы жол – Арқалық" бағыты бойынша жолаушылар пойызын іске қосады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Пойыз Қостанай және Ақмола облыстары тұрғындарының көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, Арқалық бағытына қатынайтын жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында тағайындалды. Бұған дейін бұл бағытта тек жеке тасымалдаушының пойызы қатынаған.
Пойыз құрамында 3 купе және 3 плацкарт вагоны болады. Бір бағытта 250-ден астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік бар.
Вагондар қауіпсіздік, сенімділік және жайлылық бойынша заманауи халықаралық талаптарға сай жасалған. Купелерде эргономикалық ұйықтайтын орындар, жеке жарықдиодты шамдар, USB-порттар және электр розеткалары орнатылған. Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін арнайы купелер, арбаға арналған орындар және жолсерікті шақыру батырмасы қарастырылған. Вагондардың пайдалану мерзімі – 40 жылға дейін.
Пойыз күн ара қатынайды:
- "Нұрлы жол" станциясынан – 2–30 тамыз аралығында жұп күндері;
- Арқалық станциясынан – 3–31 тамыз аралығында тақ күндері.
Қозғалыс кестесі
- "Нұрлы жол" станциясынан: жөнелту – 23:05
- Арқалық станциясына келу – 09:16
- Арқалық станциясынан: жөнелту – 21:20
- "Нұрлы жол" станциясына келу – 07:16
Жол бойында пойыз "Нұрлы жол", Жалтыр, Атбасар, Жақсы, Есіл, Державинская, Арқалық және басқа да станцияларға аялдайды.
Жол жүру құны
- купе – 9 900 теңге;
- плацкарт – 6 800 теңге.
Бұл пойызда "Алтын", "Алтын 1", "Саяхатшы" және "Жастар" дисконттық карталарының жеңілдіктері қолданылады.