Нұрлы жол вокзалында 11 млн астам адамға қызмет көрсетілді

689

Осыдан 5 жыл бұрын, 2017 жылдың 1 маусымында елордада "Нұрлы жол" вокзал кешені ашылды. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сол кезден бері вокзалда 11 млн астам жолаушыға қызмет көрсетілген. 

Нұрлы жол вокзалында 11 млн астам адамға қызмет көрсетілді

Нұрлы жол вокзалы 16 жұп пойызға қызмет көрсетеді, оның ішінде 4-і "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызы. Орташа алғанда, тәулігіне 19 пойыз өтеді, демалыс күндері – 21.

Ғимаратта 10 билет кассасы, 6 күту залы, 2 келу залы, 4 ана мен бала бөлмесі, анықтама бюросы, медпункт, фудкорт, дүңгіршектер мен дүкендер, дәріхана, мамандандырылған ХҚКО бар. Кешен ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін толығымен бейінделген. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу