"Нұрлы жол" вокзалында 5 миллионыншы жолаушыға құрмет көрсетілді

212

Мерейтойлық билет Алматыдан Астанаға №9/10 пойызбен әжесімен сапар шеккен 12 жасар Келдібек Нұрдәулет үшін сатып алынған.  

"Нұрлы жол" вокзалында 5 миллионыншы жолаушыға құрмет көрсетілді Фото: rail-news.kz

Салтанатты жағдайда пойыз бастығы бес миллионыншы жолаушыны құттықтап, оған жеміс себетін, iPad гаджетін және сымсыз құлаққапты табыстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бұл біз үшін нағыз тосын сый болды. Бұндай жылы қабылдауды күткен жоқпыз. Біз әрқашан сіздердің пойыздарыңызды саяхаттау үшін таңдаймыз. "Жолаушылар тасымалы" АҚ басшылығы мен ұжымына зейіні, қамқорлығы және керемет сыйлықтары үшін алғыс айтамыз", – деп атап өтті жолаушы әжесі.

Айта кету керек, бес миллионыншы жолаушы жол жүру құжаттарын есепке алу және ресімдеу жүйесінің көмегімен автоматты түрде анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу