Нұрмұхамед Байғараев ҚР Президентінің баспасөз хатшысы болды

1782

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Нұрмұхамед Байғараев ҚР Президентінің баспасөз хатшысы болды Фото: akorda.kz

Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.

Нұрмұхамед Байғара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Саясаттану", "Болашақ" бағдарламасымен Ұлыбританияның Ланкастер университетін "Жобаларды басқару" мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Бұған дейін ол "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасында саяси-сараптамалық бағдарламалар мен әлеуметтік ток-шоулар әзірлеген. Кейін республикалық "Egemen Qazaqstan" газеті АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, бас редакторының орынбасары болды. Сондай-ақ, "Айқын" газетінің бас редакторы қызметін атқарды.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ол Президент баспасөз хатшысының орынбасары болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу