Нұрсұлтан Назарбаев "Әуежайдағы" тұрғын үйлердің құрылысымен танысты

1017

Нұрсұлтан Назарбаев "Әуежайдағы" тұрғын үйлердің құрылысымен танысты

Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай қаласындағы "Әуежай" шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, президентке "Нұрлы жер" бағдарламасының Қостанай облысында іске асырылу барысы жөнінде баяндалды.

Шағын аудан аумағында әлеуметтік инфрақұрылым нысандары да салынуда. Соның қатарында 900 орындық жалпы білім беретін мектеп, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында спорт және ойын-сауық кешенінің құрылысы бой көтеруде.

Жаңа шағын ауданның көлемі – 31,7 гектар. 2014-2017 жылдарда жалпы көлемі 80542 шаршы метрді құрайтын 16 үй пайдалануға берілген. Бүгінде тағы 12 үй салынып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу