Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Бурабай" курортының аумағында композитор М.Төлебаевтың "Біржан-Сара" операсының ашық аспан астында өткен қойылымына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Басты партияларды халықаралық байқаулардың лауреаты М.Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты М.Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ж.Шыбықбаев, Д.Хамзина және С.Ахметова орындады. Операның қоюшы-дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Мұхитдинов, қоюшы-режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Маемиров.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу