2019 жылы құқық қорғау органдарының жұмысы жаңғыртылады. Бұл үшін арнайы бағдарлама қабылданады.
"Полицияға қажетсіз функцияларды бермеу керек. Әйтпесе, полиция анда, полиция мында, бүкіл жерде полиция. Полицияның негізгі міндеті - қоғамдық тәртіпті сақтау. Болды. Оған күзет, анау-мынауды ілмеу керек. Осыны шешетін уақыт болды ғой. Сосын басшылар көп, 12-15 жоғары оқу орны бар. 5 университетті ғана қалдыру қажет. Ал үнемделген қаржыға полицейдің жалақысын көтеру керек. Жетпей жатса, тағы көре жатармыз. Полицейлердің баспана және тағы басқа мәселелерін шешуіміз керек", – деді президент халыққа арнаған жолдауында.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу