Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің басшылық құрамымен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында мемлекет басшысы барлау қызметінің ұжымына жаңа директор Сартаев Исатай Бақтиярұлын және директордың бірінші орынбасары Оразов Нұрлан Оразұлын таныстырды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес И.Б.Сартаев ант қабылдады.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті жаңа басшылыққа сыртқы барлау қызметі жұмысының негізгі басымдықтарын белгілеп, бірқатар нақты тапсырма берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу