Нұрсұлтан Назарбаев әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтарды табыстады

1033

Нұрсұлтан Назарбаев әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтарды табыстады

Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтарды табыс етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Салтанатты шара барысында Мемлекет басшысы ағымдағы жылы Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комиссия 4 туындыны іріктеп алғандығын атап өтті.

"Жоғары марапатқа елордамыздағы "Мәңгілік ел" монументінің авторлары лайық деп танылды. Бізде, елордамызда мұндай ғимараттар аз емес. Дегенмен "Мәңгілік ел" мағынасы жағынан да, көркемдік жағынан да өзімізге де, басқаларға да белгілі болып келе жатқан ғимарат. Бұл тәуелсіз еліміздің мәртебесін сәулет өнері арқылы сәтті айшықтайтын туынды деп санаймыз",-  деді Назарбаев.

Келесі сыйлық "Құнанбай" фильмін түсірген шығармашылық топқа берілді.

"Кинода ұлы Абайдың әкесі Құнанбай тағдыры арқылы халық өмірінің күрделі кезеңі бейнеленді", – деп атап өтті Елбасы.

Мемлекет басшысы кезекті сыйлықты белгілі жазушы Бексұлтан Нұржекеевке "Әй, дүние-ай" романы үшін табыстады.

"Бұл шығарма еліміздің тәуелсіздікке дейінгі 75 жыл тарихын қамтиды. 1916 жылғы  ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Жетісу өңірі халқы басынан өткізген қилы кезең романның өзегіне айналған. Бүкіл қазақ халқының басынан өткен зұлматтың көрінісі болып саналады",-  деді Назарбаев.

Қазақстан Президенті 4-ші Мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Тәуелсіздікке тарту" жұмыстар циклі үшін суретші Камиль Муллашевқа берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу