Президенттік өкілетін тоқтату туралы мәлімдеген Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс істеу үшін Ақордадағы резиденциядан Тұңғыш президент кітапханасының ғимаратына көшеді. Бұл туралы Тұңғыш президент кеңсесінің басшысы Махмұт Қасымбеков айтты.
"Ол жұмыс істеу үшін Назарбаев орталығына көшеді. Бұл тұңғыш президент кітапханасының ғимараты", – деді журналистерге ол 20 наурыз күні.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу