Әңгімелесу кезінде тараптар дүние жүзінде конфессияаралық диалогтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, Қазақстанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің аталған үдерістегі маңызды рөлін айрықша атап өтті, деп жазады inbusiness.kz elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қазақстан мен Мысыр арасында қарым-қатынас орнату барысы, соның ішінде жоғары білім беру саласындағы байланыстар туралы өз естеліктерін ортаға салды.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Ахмед ат-Тайебтің Съезде сөйлеген сөзінің негізгі тезистеріне қолдау білдіріп, діндер көшбасшылары арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етудің маңызды екеніне тоқталып өтті.