Нұрсұлтан Назарбаев: Әлемге танымал банктер бірлесіп жұмыс істеуге келісті

928

 Нұрсұлтан Назарбаев: Әлемге танымал банктер бірлесіп жұмыс істеуге келісті

Отандық БАҚ өкілдеріне сұxбат берген ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының xалыққа беретін пайдасын қарапайым тілде түсіндіріп берді. Аталған орталық келесі жылдан бастап ЭКСПО аймағында жұмыс істей бастайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Ондай қаржы орталығы Орталық Азияда алғаш рет ашылып отыр. Ондай орталық Ресейде де жоқ. Қазір әлемге танымал банктер орталықпен бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Олардың ішінде Дүниежүзілік банк, Еуропалық банк, Азиялық банк, Ислам банкі және тағы басқалар бар. Барлығы өз кеңселерін ашып, ақша әкеледі. Құрылысқа ақша салады. Көрші елдерге де қаржы  құятын шығар. Халық болса, ақшаны акцияларға салып, дивиденд алуды үйренеді", - деді мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, "Астана" халықаралық қаржы орталығы Лондон, Шанxай, Гонконг пен Дубай биржалары үлгісінде құрылып отыр. Ол жерде барлық инвестициялық даулар ағылшын соты негізінде қорғалады.

"Мен судьяны да бекітіп қойдым. Ол Лондонда бас судья қызметін атқарған. Қалған 9 судья да сондай. Себебі ақша әкелетін адамдар да, компаниялар да өз капиталының қауіпсіздігіне сенімді болуы қажет. Сотқа сенім болуы шарт. Әлемдік арбитражға бармай, бәрін осы жерде шешу керек", - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу