Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянға Армения Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянды Армения Республикасының премьер-министрі болып тағайындалуымен құттықтады.
"Достық пен түсіністікке негізделген Астана мен Ереван арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі жолында одан әрі нығая түседі деп сенемін. Сізге зор денсаулық пен күш-қайрат, жауапты қызметіңізге мол табыс, ал барша достас Армения халқына бейбіт өмір мен береке тілеймін", – делінген жеделхатта.