Нұрсұлтан Назарбаев: Ассамблея – бейбітшілік шежіресі

584

Нұрсұлтан Назарбаев: Ассамблея – бейбітшілік шежіресі

Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің шежіресі. Бүгін елбасы ұйымның Астанада өткен XXV сессиясында осылай деді. Және қиын қыстау кезеңде береке-бірліктің бастауы болған Ассамблея өзіне жүктелген міндетті жоғары дәрежеде орындап келе жатқанын айрықша айтып өтті.

"Биыл еліміз кешенді жаңғыруға кірісті. Ошақтың үш тағанындай болатын экономикалық, саяси, рухани бағыттардың қай-қайсысы да маңызды. Қазақстанның үшінші жаңғыруы деген экономикалық өрлеудің басым бағыттарын өзім айттым. Конституциялық реформалар – саяси жаңғырудың негізі. Ал енді "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақала – рухани кемелденудің бастауы. Экономикалық реформаны дайындадық. Конституцияның құзырын кеңейттік. Енді рухани жаңғыру болмаса, істей алмаймыз. Рухани тұтастығымыздың өзегіне айналған Ассамблея істің бел ортасында жүруге тиіс деп ойлаймын", – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу