Нұрсұлтан Назарбаев Astana Group компаниялар тобының президентін қабылдады

941

Кездесу барысында мемлекет басшысына отандық автомобиль өнеркәсібін одан әрі дамытуға байланысты тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет берілді. 

Нұрсұлтан Назарбаев Astana Group компаниялар тобының президентін қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев "Astana Group" компаниялар тобының президенті Нұрлан Смағұловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрлан Смағұлов Нұрсұлтан Назарбаевқа "Астана Моторс" компаниясының Алматы қаласында Hyundai жеңіл көлігін жасау зауытының құрылысын бастағаны жөнінде баяндады

"Кәсіпорынның қуаты алғашқы кезеңде 30 мың автомобиль шығаруға жетеді. Ал, келесі кезеңде өндіріс көлемі жылына 45 мыңға дейін артатын болады. Соның арқасында Қазақстан нарығын сапалы әрі қолжетімді Hyundai маркалы жеңіл автомобилімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ көлікті ТМД елдеріне экспорттауға жол ашылады. Жобаға бөлінген инвестицияның жалпы көлемі – 25 миллиард теңге. Бұған өз қаражатымыздан бөлек коммерциялық талаптарға сай заемдік қаржы тартылмақ. Зауыт 700 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді", – деді Нұрлан Смағұлов.   

Кездесу соңында Нұрлан Смағұлов мемлекет басшысына Қазақстан бизнесіне тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқаны және "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы сияқты көлік саласына несие бөлу бағдарламасы жөнінде шешім қабылдағаны үшін алғыс айтты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу