Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығына барды

799

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығына барды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.  

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығына барды

Елбасы  "Астана" халықаралық қаржы орталығының қызметімен, соның ішінде елге ауқымды шетелдік капитал тарту, адами әлеует пен креативті экономиканы дамыту бағытындағы жұмыстармен танысты.

Қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Қазақстанның Тұңғыш Президентіне "Астана" халықаралық қаржы орталығының 2025 жылғы дейінгі даму стратегиясының іске асырылу нәтижелері, сондай-ақ алдағы орындалу жоспары туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан-2050" Стратегиясын жүзеге асырудағы және ұлттық экономиканы дамытудағы "Астана" халықаралық қаржы орталығының маңызды рөлін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу