Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы 2 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетті

849

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы 2 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетті

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 2018 жылдың І жартыжылдығында жолаушылар көлемін 17 %-ға артты, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2018 жылғы қаңтар-маусым айларында 2 млн 145 мың 154 жолаушыға қызмет көрсетті, бұл көрсеткіш 2017 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 17 %-ға көп. 

2018 жылғы жарты жыл ішінде халықаралық әуежай ішкі бағыттағы жолаушылар көлемін 12 %-ға арттырып, осы аралықта 1 млн 346 мың 578 адам әуежай қызметіне жүгінген. Бұдан өзге, биылғы жылғы қаңтар-маусым айларында елорданың әуе қақпасы халықаралық бағыттағы 798 мың 576 жолаушыға қызмет көрсетіп, 2017 жығы І жартыжылдықтағы көрсеткіш нәтижесін 26%-ға арттырған.    

Сондай-ақ, 2018 жылғы І жартыжылдықта Астана әуежайынан 14 мың 353 ұшақ  ұшқан (бұл көрсеткіш 2017 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 11%-ке артық).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу