Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы былтыр 4,5 миллион жолаушыға қызмет көрсетті

2936

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2018 жылы жолаушылар көлемін 6 %-ға арттырды.

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы былтыр 4,5 миллион жолаушыға қызмет көрсетті

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2018 жылы 4,5 млн жолаушыға қызмет көрсетті, бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 6 %-ға көп, деп хабарлайды әуежай баспасөз қызметі. 

2018 жылы Вильнюс, Тюмень Челябинск, Сочи және Душанбе секілді жаңа халықаралық бағыттардың ашылуына байланысты әуежай халықаралық бағыт бойынша 1,8 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсеткен. Ішкі бағыттағы жолаушылар көлемі де артып, осы уақыт ішінде 2,7 млн-нан аса жолаушы әуежай қызметіне жүгінген. Ішкі бағыттағы танымал бағдарлар: Алматы, Шымкент және Атырау қалалары. Сондай-ақ, 2018 жылы Астана әуежайынан 30 мыңнан аса ұшақ ұшу сапарларын орындаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу