Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына 1 миллионыншы жолаушы ұшып келді

403

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына 1 миллионыншы жолаушы ұшып келді

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Астана халықаралық әуежайының жаңа терминалы 1 миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әуежайға миллионыншы жолаушы Air Astana әуе компаниясының КС218 рейсімен бүгін түсте Новосібір қаласынан ұшып келді. Миллионыншы жолаушының есімі - Алексей Французов.

Жолаушының есімі лоторея жүргізу әдісімен кездейсоқ анықталды. "Астана халықаралық әуежайы" АҚ бас директоры Рәділбек Әдимолда БАҚ өкілдері мен меймандар алдында лототроннан ұшаққа отырғызу нөмірін алып шықты.

"Осымен Астанаға екінші рет келіп отырмын. Іскерлік сапарымда Астанаға бар-жоғы 1 күнге ұшып келген едім. Бизнес аясында қазақстандық әріптестеріммен кездеспекпін. Шыны керек, мұндай сыйды күткенім жоқ. Астанадағы әуежайдың миллионыншы жолаушысы атанғанына қуаныштымын. Барлықтарыңызға рахмет", - дейді Алексей Французов.

Алексей Французов Air Astana әуе компаниясының кез келген халықаралық бағыттары бойынша бизнес класқа 2 билет, IPad және ескерткіш сыйлық алды.

Айта кетергілі, 1 қаңтар - 28 қараша аралығында "Астана халықаралық әуежайы" АҚ жолаушылар ағынын 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3 922 347 адамға, яғни (25 пайызға) дейін арттырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу