Астана әуежайында ұшу-қону жолағы уақытша жабылады

174

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты ұшу-қону жолағы уақытша жабылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана әуежайында ұшу-қону жолағы уақытша жабылады Фото: Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы

Әуежайдың ресми ақпаратына сәйкес, жөндеу жұмыстары 2025 жылғы 1–4 қыркүйек аралығында, сондай-ақ 8 қыркүйектен 31 қазанға дейін жүргізіледі. Бұл кезеңдерде ұшу-қону жолағы күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жабық болады.

Аталған уақытта әуежайда ұшақтар ұшпайды және қонбайды.

Ал 5–7 қыркүйек күндері ұшу-қону жолағы ашық болады, рейстер әдеттегі кесте бойынша орындалады.

Әуежай әкімшілігі жолаушыларға ұшу кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін ескертіп, нақты уақытты өз авиакомпанияларынан алдын ала анықтап алуға кеңес берді.

Жөндеу жұмыстары әуежай инфрақұрылымын күтіп ұстау, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жүргізіліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу