"Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында жолаушылар ағыны 7 пайыз қысқарған

911

2018 жылдың I тоқсанында әуежай 969,901 мың жолаушыға қызмет көрсеткен болатын.

"Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында жолаушылар ағыны 7 пайыз қысқарған

"Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайы (Нұр-сұлтан қаласы) 2019 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 901,412 мың жолаушыға қызмет көрсетті, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

2018 жылдың I тоқсанында әуежай 969,901 мың жолаушыға қызмет көрсеткен болатын.

Есепті кезеңде ішкі рейстердегі жолаушылар ағыны 589,413 мың адамды құраса (7%-ға төмендеген), халықаралық рейстерде 311,999 мың адамды құрады (7% - ға төмендеді). Оның ішінде 2019 жылғы қаңтар-наурызда кеткен жолаушылар саны 452,181 мың болса (7% -ға төмендеді), келгендер – 449,231 мың адам (7% төмендеді).

Есепті кезеңде әуежайдың жүк айналымы 9,9% - ға қысқарып, 2,013 млн тоннаға жетті.

Жалпы 2019 жылғы қаңтар-наурызда әуежай 6,548 мың рейске қызмет көрсетті, бұл 2018 жылғы I тоқсаннан 2,8%-ға аз.

Қазақстан астанасының әуежайы елдегі (Алматыдан кейін) көлемі жағынан үлкен екінші халықаралық әуежай. Ол барлық түрдегі әуе кемелеріне ұшу салмағын шектемей қызмет көрсетеді және мемлекеттің меншігі болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу