Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы көлік тұрағына қатысты жаңа тариф күшіне енді

891

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы арнайы көлік тұрағындағы жолақта тек 15 минут тегін тұра аласыз.

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы көлік тұрағына қатысты жаңа тариф күшіне енді

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы арнайы көлік тұрағындағы жолақта тұрудың алғашқы 15 минуты ғана тегін болады.  Одан кейінгі әр сағат 1000 теңгеден саналады. Бұл тарифтер осы жылдың 21 шілдесінен бастап күшіне енді.

Аталған тұраққа кіру Қабанбай көшесі арқылы 4 бекеттен өту арқылы жүзеге асса, шығу үшін 5 шлагбаум қойылған. Сондай-ақ, жалпы тұраққа көлік қою бағасы 10 сағатқа дейін 100 теңге болады, 10 сағаттан 24 сағатқа дейін 1000 теңге деп белгіленген. Одан кейінгі күндер тұрақта тұру 500  теңге болмақ. Бұрынғыдай тегін деген уақыт жоқ.

Айта кетейін, мұндай тариф пен бағаны қоюда халықаралық тәжірибелер ескерілген екен. Нақтыласақ, Еуропа елдерінде көбінесе тегін көлік тұрағы жоқ, ал ТМД елдерімен салыстырсақ Киев аэропортында 10 минут, Мәскеудің Шереметьево және Домодедова әуежайларында 15 минут тегін беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу