"Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының" банкке қарызы – 24 миллиард теңге

1272

Бұл борышты әуежай алдағы 18 жылда өтемек.

"Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының" банкке қарызы – 24 миллиард теңге

Елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына қосымша ұшып-қону жолағын салу үшін бюжеттен 60 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Atameken Business.

­­Оның ұзындығы 3,5 шақырым, ені 60 метр болады.

Әуежай өкілдерінің мәліметінше, жаңа жолдарды толық пайдалануға беру 2023 жылға жоспарланып отыр.

"Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы" АҚ басқарма төрағасы Рәдибек Әдимолда әуежайдың осыған дейін жаңа терминал салу үшін Қазақстанның Даму банкінен алған қарыздары туралы да айтты. Оның сөзінше, қаржы институтына берешегі – 24 миллиард теңге. Бұл борышты әуежай алдағы 18 жылда өтемек.

"Иә, банктің алдында несиелік қарызымыз барын растаймыз. Сондықтан да, жұмыс істеудеміз. Әуежайдың оны төлеуге қауқары жетеді, бұл тарифтердің өсуіне әсер етпейді",– дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу