Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

1164

Елбасы оның отбасына сабыр тілеп, азалы көңілін білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

ҚР Тұңғыш Президенті шейх Сұлтан бен Заид Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

"Бауырыңыз әрі Біріккен Араб Әмірліктерінің абыройлы саяси қайраткері шейх Сұлтан бен Заид Әл Нахаянның дүниеден озғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Шейх Сұлтан Біріккен Араб Әмірліктерінің аяқтан тұрып, гүлденуіне ерекше үлес қосқан тұлға ретінде ел тарихында өшпес із қалдырды. Оның жарқын бейнесі Әмірліктер халқының жүрегінде әрдайым сақталатынына сенімдімін",– делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев ел Президенті шейх Халифе бен Заид Әл Нахаянға және оның отбасына сабыр тілеп, азалы көңілін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу