Нұрсұлтан Назарбаев: "Бай болғың келсе жол сал"

1251

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңде өтіп жатқан "Бір белдеу, бір жол"  атты халықаралық форумға қатысуда. 

Нұрсұлтан Назарбаев: "Бай болғың келсе жол сал"

Шарада сөз сөйлеген Тұңғыш Президент әлемдегі саяси шиеленістерге, санкцияларға, сауда соғысына  қарамастан қауіпсіз сауда бастамасын 120 мемлекет қолдағанын жеткізді, деп хабарлайды  Atameken Business.

Жобаның көлемі 5 триллион долларды құрап отыр. Қысқа мерзім ішінде Оңтүстік Шығыс Азия мен Солтүстік Еуропаны байланыстыратын халықаралық маңызы бар жол арқылы тауарлар екі аптада жеткізілуде. Оның айтуынша, Азиядан Еуропаға дейінгі ең қысқа құрлық жолы Қазақстан арқылы өтеді. Осы орайда Елбасы Қытайдың "Бай болғың келсе жол сал" деген дана сөзін айтты.

Естеріңізге сала кетейік Нұрсұлтан Назарбаев Қытай еліне іссапармен кеше кешке барған болатын. 28 сәуір күні Қытай Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуі жоспарлануда.  

"Бір жол бір белдеу жобасы бойынша қаржыландыруды жүзеге асыру кезінде сапалы, жоғары стандарттарға сай, қол жетімді әрі тұрақты қызмет ұсынатын боламыз. Қарыз беру кезінде қандай да бір қиындықтарға тап болмас үшін мәселені жан-жақты сараптап, талдау жасаймыз", – дейді ҚХР қаржы министрі Лю Кун.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу