Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.
Бас прокурор Елбасына 2019 жылғы жұмыстың негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге жоспарланған басты мақсаттары туралы мәлімет берді.
Сонымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне азаматтардың әлеуметтік-экономикалық саладағы құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан шаралар жайлы ақпарат ұсынылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу