Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар әскери қызметшіге генерал шенін табыстады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
Мемлекет басшысының қолынан генерал-лейтенант шенін еліміздің Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров, ұлттық қауіпсіздіктің генерал-лейтенаты арнайы шенін Ұлттық қауіпсіздік қызметі төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш пен ҰҚК төрағасының орынбасары, Арыстан арнайы мақсаттағы қызмет директоры Әнуар Садықұлов алды.
Генерал-майор әскери шенін ҚР Қарулы күштері Бас штабы Жауынгерлік дайындық департаментінің бастығы Тимур Әбішев, Құрлықтағы әскер бас қолбасшысының орынбасары Дулат Адырбеков, Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары Бас штаб бастығы Ерлан Алдажұманов, Ұлттық гвардияның "ШығысҚылмыстық процесстің сотқа дейінгі кезеңінің заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы Құсайын Игембаев, Жамбыл облысының прокуроры Ернар Сыбанқұлов, ҚР Бас прокуратурасы соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету департаментінің бастығы Әсет Шындалиев алды.