Бүгін өзінің өкілеттігін тоқтату жайлы хабарлаған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тағайындау туралы жарғыларға қол қойды, деп хабарлайды мемлекет басшысының сайты.
Осы уақытқа дейін президент ісі басқарушысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Ерлан Батақовқа президент ісі басқарушысы міндеттерін уақытша атқару жүктелді.
Сонымен қатар Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша президент әкімшілігінің жалпы бөлімі меңгерушісі Бақытжан Темірболатқа президент кеңсесі басшысы міндеттерін уақытша атқару жүктелді.
Сондай-ақ, Әмірхан Рақымжанов Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті кітапханасының директоры болып тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу