Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Елбасы "Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Сондай-ақ, елбасы "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы қызметтік және азаматтық қаруды өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.