Нұрсұлтан Назарбаев: Бізде 130 университет бар, оны қысқарту керек

961

Нұрсұлтан Назарбаев: Бізде 130 университет бар, оны қысқарту керек

Қазақстанда университеттер санын қысқарту қажет. Бұл туралы бүгін "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында жарық көрген кітаптардың таныстырылымында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазір министрлікке күнде келіп, университет ашайық дейді. Қалтасына ақша түссе университет ашуға ұмтылады. Бізде 130 университет бар, оны қысқарту керек. Бізге оның саны емес, сапасы қажет. Қазір рейтинг жүргізіледі. Рейтинг жүргізілген кезде ІТ-технологиядан, жаңашылдықтан, техникадан, инженерліктен қалай деген кезде барлық үлкен университеттеріміз артта қалды. Жай жеке университеттер алдыға шықты. Осы жағдайдан кейін мына университеттер өзінен-өзі қалады. Себебі біз оларға грант бере алмаймыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы университеттер сақталып қаламын десе заманға сай болуы тиістігін қатаң ескертті.

"Біз жастарға құр әшейін диплом алу үшін оқымау керектігін айтуға тиіспіз. Кезінде ол заманнан да өткенбіз. Қалтасында бірнеше диплом болғанымен жай жүрген, жұмыс таба алмай жүрген қаншама азамат бар. Сондықтан мысалы университеттің 4- курсынан бастап студенттерді 80-85 пайызын бизнес адамдары жұмысқа тартып алатын болса, онда ол нағыз университет", - деп атап өтті ҚР президенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу