Нұрсұлтан Назарбаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталияға ұшып барды

1010

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның Анталия қаласына ұшып барды. Бұл жайында Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті.

Нұрсұлтан Назарбаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталияға ұшып барды

"Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыртуымен дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталияға ұшып келді", – деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.

Оның айтуынша, Анталия дипломатия форумы – ғаламдық және аймақтық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасатын дискуссиялық алаң. Биылғы форум "Дипломатияны қайта кодтау" тақырыбында өтеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу