Нұрсұлтан Назарбаев: ЕАЭО елдері өзара кедергілерді жоюы керек

755

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара кедергілерді жоюы керек. Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Құрметті төраға, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев: ЕАЭО елдері өзара кедергілерді жоюы керек

"Бүгінгі таңда бүкіл әлем жасыл экономиканы дамытып жатыр. Бізге де жел және жылу электр стансалар құру жөніндегі тәжірибелерді өзара бөлісу керек. Өзара кедергілерді жою бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, мойнымызға алған міндеттемелерді орындауымыз қажет. Біздің одақтың әлеуеті жоғары екеніне сенімдімін. Оны өзге елдердің одақ жұмысына деген қызығушылығы дәлелдеп отыр", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетсек осы отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та орынсыз кедергілер мәселесін көтерген еді.

"Локдаун кезінде кедергілердің саны тіпті артып кетті. Сауда-экономикалық белсенділікті қалпына келтіруде кедергілердің өз-өзімен жойылмайтын түрі бар. Бұл шектеулер сауда-экономикалық қарым-қатынастың дамуын тежеп, экономикалық одақтың өсімі мен әлеуетін шектейді. Экономикалық одаққа мүше басқа да мемлекеттер секілді Қазақстан нарыққа қатысушылардың бәріне тең және дискриминациядан тыс жағдай жасалуы керек деп есептейді. Комиссияның кедергілермен күресі таусылмайтын сипатқа ие болып барады", – деп атап өтті ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу