"Мен кейбір оппозициядағы жолдастардың "ол үнемі тұрақтылық туралы айта береді" дегенін естідім. Не жақсы? Тұрақсыздық па? Революциядан революцияға, соғыстан соғысқа дейін өмір сүрсек, мемлекет дамымайды. Мен еліміз әлемнің орталығына айналғанын, балаларымыз бен азаматтарымыздың қақтығысты көрмегенін қаладым", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX cессиясында.
Осы орайда Елбасы бұл мақсатқа жеткенін атап өтті.
"Бүгінде бұл арманымыз орындалды. Онда Ассамблеяның маңызы зор. Біз 25 жылдығымызды атап өте алған жоқпыз. Бірақ мәселе онда емес. Ассамблея өзін тиімді инстутит ретінде көрсеткенін мақтан тұта алады. Басқа мемлекеттер де біз сияқты ассамблея құрып жатыр...", - деп түйіндеді сөзін Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Дәурен Ерболат