Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі мектептерге шетелдік мамандарды тартуды ұсынды

571

Астанада президент төрағалығымен "Нұр Отан" партиясының XVIII съезі өтіп жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі мектептерге шетелдік мамандарды тартуды ұсынды

Еліміздегі мектептерде ағылшын тілін оқыту үшін, шетелдік мұғалімдерді шақыру керек, деп есептейді президент Нұрсұлтан Назарбаев. 

"Білім берудегі реформаларды нәтиже беретіндей деңгейге жеткізу керек. Үш тілділік қалыпты жағдай болуға тиіс. Сондықтан балалар қазақ тілі мен орыс тілінен басқа, ағылшын тілін меңгеру керек. Бұл маңызды. Бірақ мұны дұрыс жасау керек", – деді  Нұрсұлтан Назарбаев  Астанада өтіп жатқан  "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде.

"Ең бірінші мұғалімдерді дайындап алу керек. Ағылшын тілін меңгерген физик, химия және математиканы беретін мұғалімдерді оқыту керек. Ал біздің министрлік болса мұғалімдерге бірден сабақ беруді жүктеп қойған. Оларды үш ай оқытады. Математиканы кім үш ай ішінде ағылшынша беруді меңгеріп алады? Ал бұған қыруар қаражат бөлінуде. Одан да шетелден мұғалімдер шақыртып, оқытқан (балаларды)  жеңіл болар. Сондықтан бұл міндет қалады", – деп атап кетті мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу