Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімі Алтай Көлгіновты қабылдады

1544

Кездесуде Елбасыға елорданың экономикалық дамуының қазіргі көрсеткіштері туралы мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімі Алтай Көлгіновты қабылдады

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне халықтың тұрмыс сапасын  жақсарту және қала тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету үшін атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.

Елбасы астананың экономикасына инвестиция тарту, шағын және орта кәсіпорындарды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мәселелеріне назар аударды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу