Нұрсұлтан Назарбаев Ералы Тоғжановпен кездесті

1054

Жуырда Ералы Тоғжанов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалған болатын.  

 Нұрсұлтан Назарбаев Ералы Тоғжановпен кездесті

Кездесу барысында Елбасы жаңа Премьер-Министр орынбасарының алдында денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту салаларын дамытуға бағытталған бағдарламаларды іске асыруда маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.

"Өткен жылдан бері әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында көптеген жұмыстар атқарылды. Қарапайым адамдармен дұрыс диалог жүргізу қажет. Тұрғындармен кездесу керек. Қабылданған шараларды түсіндіру маңызды. Сізде жеткілікті тәжірибе бар. Еліміздің екі аймағында, Қазақстан халқы Ассамблеясында қызмет еттіңіз. Сонымен қатар, Кәсіподақтар федерациясында жұмыс істедіңіз", –  деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу