Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянды қабылдады

773

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянды қабылдады

Кездесуде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының күн тәртібіндегі жайттар талқыланды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

2016 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалығы барысында еуразиялық интеграцияны одан әрі жалғастыру мәселелеріне қатысты бірқатар маңызды құжаттар әзірленді, аталған мәселелер алдағы отырыста қарастырылатын болады. Олардың қатарында көлік саясатын бірлесе үйлестіру, кеден заңнамасы, электр энергетикасының ортақ нарығын қалыптастыру мәселелерін атап өтуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу