Нұрсұлтан Назарбаев Францияның бұрынғы Президенті Жак Ширактың өмірден өткені туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, Президент Эмманюэль Макронға және барша Франция халқына көңіл айтты.
"Ол өз елінің нағыз патриоты және халықаралық деңгейдегі біртуар саясаткер ретінде аянбай еңбек етті.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Франция арасындағы өзара сенімге құрылған диалог пен достық қарым-қатынасты нығайтуға баға жетпес еңбек сіңіргенін ерекше атап өткім келеді.
Жак Ширактың жарқын бейнесі тек француз халқының ғана емес, әлем жұртшылығының жадында әрдайым сақталады деп сенемін", – делінген жеделхатта.