Елбасы "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп жазады Elbasy.kz.
Кездесу барысында Ғ.Пірматов Қазақстанның Тұңғыш Президентіне 2019 жылғы компания қызметінің қорытындылары мен 2020 жылға арналған даму жоспарлары туралы баяндады.
"2019 жылға арналған барлық өндірістік және қаржылық көрсеткіштер орындалды. 2020 жылға арналған даму стратегиясы мен басымдықтар айқындалды. Компания екі жыл қатарынан тек ең ірі өндіруші ғана емес, әлемдегі ең ірі уран сатушы атанып отыр", – деді Ғ.Пірматов.