Нұрсұлтан Назарбаев Glencore International AG компаниясының басшылығымен кездесті

636

Нұрсұлтан Назарбаев Glencore International AG компаниясының басшылығымен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.  

Нұрсұлтан Назарбаев Glencore International AG компаниясының басшылығымен кездесті

Елбасы Glencore International AG компаниясының басшысы Айван Глазенбергке Қазақстанның тау-кен өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті негізгі инвесторы Glencore International AG болып табылатын "Қазмырыш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тиімді жұмысын атап өтті.

"Жиырма жылға жуық уақыт табысты жұмыс істегеннен кейін сіз компания басшысы лауазымынан кетіп жатырсыз. Біздің тиімді ынтымақтастығымыз мемлекет бюджетіне қомақты кіріс әкелді. Осы уақыт ішінде компанияның өндірістік көрсеткіштері айтарлықтай ұлғайды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы "Қазмырыш" кәсіпорны өңірдің экологиялық және әлеуметтік мәселелерін шешуге белсене атсалысып жүргеніне тоқталды.

"Пандемия салдарынан туындаған қазіргі қиын жағдайда халыққа қолдау көрсетіп, жұмыс орындарын сақтауды және әлеуметтік мәселелерді шешуді жалғастыра беруді сұраймыз. Жалпы осы бағытта сіздердің компанияларыңыз еліміз бойынша көшбасшылардың бірі болып саналады, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Өз кезегінде А.Глазенберг Нұрсұлтан Назарбаевқа тау-кен саласы еңбеккерлеріне көрсеткен қолдауы үшін, сондай-ақ тәуелсіздік жылдарында елде қолайлы инвестициялық климат қалыптастырғаны үшін алғысын білдірді.

"Қазақстан – тау-кен саласындағы инвесторлар үшін ең сенімді әрі қауіпсіз елдердің бірі. Glencore жұмыс істейтін басқа елдерден ерекшелігі, Қазақстанда инвесторларға қатысты заңнама мен салық режимі тұрақты, саяси режим сенімді әрі орнықты. Чилиде, Перуде салық өзгереді, Африкада үнемі бәрі құбылмалы, тіпті Австралияда да өзгеріс болып тұрады. Қазақстанда түсінікті, қарапайым әрі өзгермейтін ережелер бар. Бұл алаңсыз жұмыс істеп, инвестицияны арттыруға мүмкіндік береді, – деді А.Глазенберг.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу