Нұрсұлтан Назарбаев інісінің рухына арнап мешітте ас берді

455

Көңіл айтуға бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлері, Тұңғыш президенттің туыстары келді.  

Нұрсұлтан Назарбаев інісінің рухына арнап мешітте ас берді Фото: nazarbayev.kz

Астанадағы республикалық бас мешітте ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болат Назарбаевтың рухына арнап ас берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көңіл айтуға бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлері, Тұңғыш президенттің туыстары келді. Қатарында Нұртай Әбіқаев, Қуаныш Сұлтанов, Ахметжан Есімов, Қанат Саудабаев, Ермұхамет Ертісбаев, Қайрат Мәми, Қайрат Қожамжаров, Қырымбек Көшербаев, Өмірзақ Шүкеев, Даниял Ахметов, Мырзатай Жолдасбеков, Дариға Назарбаева, Тимур Құлыбаев бар.

"Осы қиын сәтте ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бізге көңіл айтты, бірқатар мемлекет басшылары, саяси және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ менің әріптестерім мен Қазақстан азаматтары өз лебіздерін білдірді. Мен барлығына шын жүректен алғысымды білдіремін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетсек, 13 қарашада Болат Назарбаев 71-ге қараған шағында созылмалы ауырудың салдарынан дүниеден озды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу