Нұрсұлтан Назарбаев қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдірді

810

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев бұрынғы Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен сұхбаттасқанын айтып, сұхбаттың мәтінін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Онда Назарбаевтың қаңтар оқиғасы жайлы пікірін де сұраған екен, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдірді

"Қаңтардағы жағдай бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді. Ұйымдастырылған тәртіпсіздік пен Қазақстанға жасалған шабуылдың мақсаты – елде хаос орнату және мемлекеттің тұтастығын бұзу. Қайғылы оқиға бәрімізге сабақ болды. Маңыздысы – кісі өлтірулердің артында кім тұрғанын анықтау. Тергеу бұл сұраққа жауап беретініне сенімдімін", деген Назарбаев.

Ол құқық қорғау органдары тәртіпсіздік туралы неге білмей қалғанын анықтау керек деп есептейді.

"Ол кезде өз атыма айтылған әр түрлі қауесет пен болжамға жауап берудің орнына, президентімізге толық қолдау көрсету маңызды болды. Мен оған елдің Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының өкілеттігін тапсырдым. Президенттің батыл іс-әрекеті оқиғаны жаман сценарийде дамытуға жол бермеді", – деді Назарбаев.

НАЗАРБАЕВ ЗАҢДЫ БҰЗҒАН ТУЫСТАРЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу