Нұрсұлтан Назарбаев: Қаржы министрі үстелдің шетінде отырмау керек

915

Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында Әлихан Смайыловты төрге шақырып алды.

Нұрсұлтан Назарбаев: Қаржы министрі үстелдің шетінде отырмау керек

Президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің хаттама қызметінде министрлерді қалай дұрыс отырғызу керектігін көрсету керек деп есептейді. 

"Қаржы министрі үстелдің шетінде отырмау керек, ол вице-премьерлерден кейін отыруға тиіс. Қаржы министрі – әдетте премьер-министрдің орынбасары. Оны қайда отырғызып қойғансың", – деді президент үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа.  

Отырыс барысында президент қаржы министрі Әлихан Смайыловтың жақын отыруы үшін барлық министрдің орындарынан жылжуын сұрады. 

"Хаттаманы кім жазады? Қазір хаттаманы өзгертемін. Тұр, мында кел (қаржы министріне) Қожамжаровтан (бас прокурор) бастап барлығың бір орынға жылжыңдар. Бұл – қаржы министрі. Біздің қарым-қатынасымыз осындай болғаннан, қаржымыз ақсап тұр", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу