Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде болды

935

Делегация құрамында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мен Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов бар. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде болды

Елбасы қазақстандық диломаттармен кездесіп, әңгімелесті, деп хабарлайды Елбасы баспасөз қызметі.

"Сіздер ең үлкен елде қызмет етесіздер. Жауапты жұмысыңызға сәттілік тілеймін", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев елшілік жанындағы Қазақстан-Ресей қатынастарының тарихына арналған музейдің экспозициясымен танысты. Музей екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарға 25 жыл толған кезде  ашылған. Музейдегі мультимедиялық терминалдар мен фотостендтерде Қазақстан мен Ресей мемлекетаралық қатынасының қалыптасуы мен дамуының толық құқықтық және статистикалық базасы көрініс тапқан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу