Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық компаниялардың көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті мемлекеттік сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен бірге "Өзбекстан-Қазақстан: ынтымақтастықтың жаңа кезеңі" атты өнеркәсіп көрмесін аралап көрді. Онда мемлекеттер басшылары қазақстандық тауар өндірушілердің өнімімен танысты. Көрмеде әскери-техника, авиация, фармацевтика, тоқыма өндірісі, құрылыс, сондай-ақ машина жасау, автомобиль құрастыру және ІТ салаларындағы қазақстандық 50-ден астам ірі компаниялардың экспортқа арналған өнімдері қойылған. Көрменің негізгі мақсаты - екі мемлекеттің компаниялары арасында орнықты байланыстар орнатуға көмектесіп, бірлескен сауда және инвестициялық жаңа жобаларды іске асыруға қолдау көрсету.