Нұрсұлтан Назарбаев келесі Жолдау қандай мәселелерді қозғайтынын айтты

768

Мемлекет басшысы депутаттарға Қазақстанды тұрақты және қарқынды дамыту жолында жемісті жұмыс тіледі. 

Нұрсұлтан Назарбаев келесі Жолдау қандай мәселелерді қозғайтынын айтты

Мемлекет басшысы депутаттарға Қазақстанды тұрақты және қарқынды дамыту жолында жемісті жұмыс тіледі. Нұрсұлтан Назарбаев келесі Жолдау қандай мәселелерді қозғайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгін мен атап өткен жұмыстардың барлығының түпкі межесі - елдің тұрмыс-тіршілігін жақсартып, ары қарай дами түсу. Осы мақсатқа жетуіміз экономикалық-саяси, әлеуметтік, рухани бірлігіміздің мызғымауына тікелей байланысты. Бұл орайда халық қалаулыларына да зор жауапкершілік жүктеледі. Елдің үдесінен шығып, Қазақстанды тұрақты және қарқынды дамыту жолында жемісті жұмыс істейтіндіктеріңізге сенемін. Бәріңізді кезекті парламенттік сессияның ашылуымен тағы да құттықтай отырып, қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Іске сәт!", - деді Мемлкет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Елбасы алдағы уақытта жария етілетін халыққа Жолдауында қазіргі аумалы-төкпелі заманда қабылдануы тиісті табанды шешімдер жайы қозғалатынын айтты. 

"Қазіргі уақытта орын алып жатқан сауда соғыстары, әлемде және төңірегімізде, ішімізде геосаяси ахуалдың өзгеруі, біз жұмыс істейтін технологиялық процесс - мұның барлығы экономиканың барлық салаларына мүлдем жаңа міндеттер қояды. Таяу уақытта сіздермен бұл мәселені талқылап, шешетін боламыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу