Нұрсұлтан Назарбаев "Құрметті сенатор" атағынан айырылды

Ол бұл атақты қызы Дариға Назарбаева палата төрағасы болып тұрған кезде алған. 

Нұрсұлтан Назарбаев "Құрметті сенатор" атағынан айырылды Фото: КазТАГ

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Жақында Парламенттің жаңа регламенті бекітілді. Оған сәйкес, Мәжіліс пен Сенаттың функциялары өзгерді. Сондай-ақ, "Құрметті сенатор" атағы да алынып тасталды.

"Біз оны регламенттен алып тастадық. Қазір бізде "Құрметті сенатор" деген институт жоқ. Біз референдумды және Елбасыға қатысты заңның күші жойылып жатқанын ескеріп,

регламенттен "Құрметті сенатор"дәрежесін алып тастадық", —деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Ол енді мұндай атақ ешкімге берілмейтінін, өйткені ондай құқықтық негіз жоқ екенін ескертті.

Еске сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаевқа 2019 жылдың 30 мамырында "Құрметті сенатор" атағы берілген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу