Нұрсұлтан Назарбаев Мексиканың жаңа президентіне құттықтау жолдады

647

Нұрсұлтан Назарбаев Мексиканың жаңа президентіне құттықтау жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев Андрес Мануэль Лопес Обрадорға Мексика Құрама Штаттарының президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Андрес Мануэль Лопес Обрадорды Мексика Құрама Штаттарының президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, достас Мексика халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.

"Сіздің саяси және қоғамдық қызметтердегі мол тәжірибеңіз Мексиканың одан әрі дамып, халықаралық аренадағы беделінің нығая түсуіне зор үлес қосатынына сенімдімін.

Елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастық Сіздің белсенді қолдауыңыздың арқасында өзара түсіністік пен тұрақтылық рухында әрі қарай дами береді деп санаймын", – делінген жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу