Нұрсұлтан Назарбаев: Мемлекет жақсы менеджер емес

1167

Нұрсұлтан Назарбаев: Мемлекет жақсы менеджер емес

Елбасы "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында жарық көрген кітаптардың таныстырылымында мемлекеттік активтерді жекешелендірудегі мақсат не екенін айтты, деп хабарлайды abctv.kz.

Ол қазақ тіліне аударылған ағылшынша кітап – Рикки Гриффиннің "Менеджмент" атты еңбегі меморгандар үшін де, жеке сектор үшін де аса маңызды екеніне назар аудартты.
"Өйткені мәселенің барлығы менеджментке тіреледі. Неге біз жаппай жекешелендіруді бастадық? Өйткені мемлекет жақсы менеджер емес. Бюджеттен шығатын қаржы болғандықтан оған иесі жоқ қаржыдай қарайды. Содан коррупция, содан ұрлық шығады. Ал егер өндірістің меншік иесі болса, қожайыны барлық қаржысын есептеп, кәсіпорынның пайда әкелуіне, өнімділікті арттыруға жұмыс жасайды. Сондықтан біз үшін менеджмент деген өте қажет нәрсе. Қазір біз мемлекеттік активтерді жекешелендірудің екінші кезеңіне аяқ бастық. Өндірістерді  жекеменшікке беру керек. Мемлекеттің міндеті басқа", – деді президент.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу