Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік саясатқа араласпайды – Мәулен Әшімбаев

2196

Сенат отырысынан кейін палата спикері Мәулен Әшімбаев журналистердің Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік саясатқа араласпайды – Мәулен Әшімбаев

"Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев саясатқа араласа ма?", – деген сұрақ қойылды.

Бұған спикер "тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде саясатқа араласпайды" деп жауап берді.

"Оны өздеріңіз де көріп отырған шығарсыздар. Әрине, референдум, сайлау сынды ауқымды шараларға ел азаматы ретінде қатыса алады. Барлық мәселелер заңда көрсетілген тәртіппен шешіледі. Конституцияға сәйкес, Үкіметтің, Сенаттың, Мәжілістің құқықтары бар. Осының барлығын заңнама аясында жүзеге асырамыз. Нұрсұлтан Әбішұлы референдумда дауыс берді, бұл әрбір азаматтың құқығы. Бірақ саясаткер ретінде, Тұңғыш Президент, ол Қазақстанның саясатына араласпайды", – деді ол.

Сенат төрағасы қазіргі кезде биліктің барлық тармағы, барлық мемлекеттік органдар заң жүзінде өз құзіреттерін жүргізіп жатқанын еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу